Полициядан жасырынғандар бес сағат бойы бардан шықпай отырған

15 Қараша 2020, 15:30
1431
Бөлісу:
Полициядан жасырынғандар бес сағат бойы бардан шықпай отырған

Алматы, BAQ.KZ. Павлодарлық тәртіп сақшылары сондай-ақ би кешін өткізген нысандарды да анықтады, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, көптеген нысандар ішінен жауып алып, түрлі каештерді өткізеді.

Кеше Павлодардағы Малайсары батыр көшесіндегі лаундж-бардың сағат 21.40 кезінде жұмыс істеп жатқаны анықталды. Келушілер кальян шеккен, оған қоса 30-дан астам адамның қатысуымен би кеші өтіп жатқан. Осы іске қатысты кальян шеккендер мен нысан басшылығы әкімшілік жауапқа тартылды,-дейді Полиция департаменті.

Сонымен қатар би кешін ұйымдастырған лаундж-бар басшылығына қомақты көлемде айыппұл салынбақ.

Сол күні сағат 22.30 кезінде Астана көшесі бойындағы караоке-бардың жұмыс істеп жатқаны туралы мәлімет келіп түсті. Тәртіп сақшылары барғанда нысан іштен жабылған болып шықты. Ешкім есік ашпаған соң екі сақшы кезекке қалдырылды. Полицейлер бес сағат күткен. Нысан әкімшісі тек сағат 3:30 кезінде есікті ашқан. Нысан ішінде болған 28 келуші мен бардың 7 жұмысшысы полиция бөлімшесіне жеткізілді,-делінген хабарламада.

Кеше карантин ережесін бұзған 8 жағдай тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы