Полиция қызметкерін қорлаған Өскемен тұрғыны жазаланды

19 Қараша 2021, 12:07
1189
Бөлісу:
Полиция қызметкерін қорлаған Өскемен тұрғыны жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшысына тіл тигізген Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Бұл туралы Алтайньюс хабарлады.

Ішімдікке сылқия тойып 30 жастағы ер адам өз үйінің кіреберісінде көршілеріне әдепсіз сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық танытқан көрінеді.

Бірнеше рет ескерту жасап, мазалары кеткен көршілер бірден полицияға шағымданыпты.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы да тәртіп бұзушымен сөйлесуге тырысқан, алайда қатты масайған тұрғын оның сөзін елемей, керісінше өзіне тіл тигізіп, қорлаған.

Сот шешімімен азамат 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Сотталған пробация қызметінде есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Енді ер адам күніне 4 сағаттан қоқыс жәшіктерін тазалап, қала көшелеріндегі қарды тазартуға мәжбүр болады, - деді Өскемен қаласы пробация қызметінің бастығы Мақсат Манарбеков.

Өзгелердің жаңалығы