Полицейлер 238 пәтер ұрлығын ашты

24 Мамыр 2021, 17:35
2351
Бөлісу:
Полицейлер 238 пәтер ұрлығын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов министрліктің Youtube арнасында тікелей эфирде өткен брифингте баяндады. 

Ішкі істер министрлігі тұрақты негізде республикалық жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізіп келеді. Мәселен, 19-21 мамыр аралығында елімізде «Пәтер» атауымен кең ауқымды шарасы ұйымдастырылды.

Операцияны жүргізуге криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері жұмылдырылды, олардың күшімен көрсетілген кезеңде 238 пәтер ұрлығы ашылды. Қылмыстық жауапкершілікке 294 пәтерлік ұры тартылды, оның ішінде 22 қылмыстық топ, - деді ол.

Полицейдің мәліметінше, ұрланған мүлікті сататын бір жарым мыңнан астам орын анықталды. Сонымен қатар пәтер ұрлығы үшін іздеудегі 8 қылмыскер және 67 «негізді-күдікті» адам ұсталды.

Мысалы, Қостанай қаласында бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар пәтерге пластикалық терезелерді орнату арқылы 4 пәтер ұрлаған. Олардың келтірген залалы 1,5 миллион теңгеден асты, - деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.

Олар ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардтар арқылы бірден сатып отырған.

Өзгелердің жаңалығы