Полицей пәтерді қандай адамдар тонайтыны туралы айтты

24 Мамыр 2021, 17:57
2993
Бөлісу:
Полицей пәтерді қандай адамдар тонайтыны туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов министрліктің Youtube арнасында тікелей эфирде өткен брифингте баяндады.

Статиска бойынша жалпы қылмыстың ішінде ұрлық жоғарғы орында. Оның ішінде пәтер ұрлықтары көп.

Осы қылмыстар елде жасалатын барлық ұрлықтардың 10 пайызын құрайды, осыған байланысты полицияға олардың алдын алу және ашу бойынша ерекше міндеттер қойылған, - деді ол.

Полицейдің айтуынша, қабылданған шараларды жетілдіру мақсатында Ішкі істер министрлігі бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық бастамаларды іске асырып келеді.

Ашылған қылмыстардың тәжірибесінен пәтер ұрлықтарын бұрын пәтерді тонап, кейін жәбірленушілермен татуласып, жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндігі бар адамдар жасайтындығы анықталды. Осы мән-жайды ескере отырып, 2018 және 2019 жылдары Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Онда бірнеше рет ұрлық жасау және үй-жайларға заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген ауыр қылмыс түрлеріне жатқызылды, - деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.

Полицей атап өткендей, ұрлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалардың іске асырылуы қылмыстық ахуалға оң әсерін тигізіп жатыр. Оның аясында тұрғын үйлердің аулаларына 54 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылып, 14 мыңнан астамы тұрғындардың өз бастамасымен жабдықталды.

Сонымен қатар қабылданған шаралар соңғы 5 жылдағы пәтер тонауды 67%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Осындай оң үрдіс осы жылы да байқалады, соңғы 4 айда олардың саны 30%-ға төмендеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы