Пітір садақасын қай кезге дейін беруге болады?

28 Наурыз 2022, 14:58
2021
Бөлісу:
Пітір садақасын қай кезге дейін беруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында наиб муфти Ершат қажы Оңғар хабарлады. 

Биылғы пітір садақасының мөлшері жөнінде айтқым келеді. Пітір садақаның мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасымен есептеледі. Ұнның бағасы Діни басқарманың өңірдегі, қала, облыс өкілдіктерінің берген мәліметтері негізінде анықталғанын қаперге салғымыз келеді, - деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары. 

Сондай-ақ наиб муфти пітір садақасын беру мерзіміне тоқталды. 

Пітір садақасы ораза айы кіргеннен, яғни биылғы жағдайда 2 сәуірден бастап бере берсе болады. Оны 30 күн ораза аяқталғанға, Айт намазы басталғанға дейін беруге уақыт бар, - деді Ершат қажы Оңғар. 

Еске сала кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Қасиетті Ораза айы 30 күнге жалғасады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. 

Өзгелердің жаңалығы