Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте «питбуль» тұқымдас ит қазақстандық елшінің 4 жасар қызына тарпа бас салды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
БАҚ өкілдерінің айтуынша, 4 жасар қыз беті пен мойын аумағынан жарақат алды. Оқиға Бронкстың солтүстік-батысындағы Норт Ривердейл ауданында болған. Ит қоршалған аумақтан қашып кеткен.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, балаға ота жасалуы керек, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.