Елімізде 9 млн-ға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған

14 Желтоқсан 2021, 09:34
1555
Бөлісу:
Елімізде 9 млн-ға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. 

Бүгінде бірінші компонентті  8,7 млн-нан астам адам салдырды. Бұл вакцина алуы тиіс халықты қамтудың 77,8%-ы. Ал екінші компонентті 8,3 млн-нан астам адам салдырды. Осылайша, екпе алуы тиіс ересек тұрғындардың 72,9%-ы қамтылды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол стационарлық және амбулаториялық ем қабылдап жатқандардың саны 1,7 есеге қысқарғанын алға тартты. 

Вакцина салу жалғасын табады. Бүгінде республика халқын бірінші компонентпен қамту 47,6%–ды, екінші компонентпен қамту 43,8%-ды құрады, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы