Pfizer вакцинасының екінші партиясы қашан жеткізілетіні белгілі болды

16 Қараша 2021, 09:29
1160
Бөлісу:
Pfizer вакцинасының екінші партиясы қашан жеткізілетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде елімізге Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 379 мың дозасы әкелінді.

Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланып отыр. Республиканың 7 өңірінде аталған вакцинаны салу жүргізілуде, бұл – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар жалпы еліміз бойынша аурушаңдық деңгейі соңғы екі айда 3,8 есеге төмендеген.

Ал өлім-жітім 2,4 есеге азайды. Әлемдік рейтингке сәйкес, 222 мемлекеттің арасында Қазақстан аурушаңдық көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 101-орында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидахуал туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы