Pfizer Қазақстанға ақылы салынатын вакцинаны жеткізуден неліктен бас тартты?

25 Қаңтар 2022, 17:37
1210
Бөлісу:
Pfizer Қазақстанға ақылы салынатын вакцинаны жеткізуден неліктен бас тартты?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі тасымалдаушы компаниямен өте ұзақ уақыт бойы халықты ақылы түрде вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасын жеткізу мәселесін талқылағаны рас. Өкінішке қарай, біз бүгінгі күні компания ақылы негізде вакцинациялау үшін екпені жеткізуден бас тартып отырған деректі растай аламыз, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол тасымалдаушы компанияның неліктен бұлай жауап бергенін алға тартты.

Оған басты себеп – вакцинаға деген жаһандық сұраныстың жоғарылығы. Өздеріңіз бәрін көріп отырғандай, барлық елдерде вакцинациядан бөлек, ревакцинация басталды. Сондай-ақ оның бірінші курсы ғана жүргізіліп отырған жоқ. Ревакцинацияның екінші курсын бастап жатқан мемлекеттер де бар. Сәйкесінше, вакцинаға деген сұраныс та артып отыр. Бүгінгі күні компания бірінші кезекте  Үкіметпен жұмыс істеп жатыр. Pfizer компаниясы коммерциялық мақсат үшін жеткізілмейді, - деді комитет төрайымы.
 

Өзгелердің жаңалығы