"Петропавлға үлкен су келе жатыр". СҚО әкімі шұғыл хабарлама жасады

10 Сәуір 2024, 10:58
867
Бөлісу:
"Петропавлға үлкен су келе жатыр". СҚО әкімі шұғыл хабарлама жасады
VIDEO
Фото: скриншот

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы СҚО әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Құрметті жерлестер! Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіруде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста жұмыс сапарымен екі рет Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектенов болды. Қазір облыста Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етуде. Тұрғындардың өмірін сақтау - біздің басты міндет, - деді Нұрмұхамбетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Дузелбаев Петропавл қаласын су басу қаупі бар екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы