Петропавл қаласын су басу қаупі бар

9 Сәуір 2024, 11:13
351
Бөлісу:
Петропавл қаласын су басу қаупі бар
Фото: видеодан скрин

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Дузелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Сергеевка су қоймасының сыйымдылығы 182% құрайды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс орын алған жоқ. Су қоймасына аққан су – 425 см. Осыдан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп отыр. 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. 40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты,-деді Қанат Дүзелбаев.

Өңірге Төтенше жағдайлар минстрлігі Түркістан, Қарағанды ​​және Павлодар облыстарынан 177 адам, 27 бірлік техника, 10 бірлік жүзу құрылғысы және 48 бірлік мотопомпа жіберілсе, Қорғаныс министрлігінен 313 әскери қызметші жұмыс атқарып жатыр.

Қолда бар ауыр техникалар аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар, ұйымдарға бекітілген техникалар да жұмылдырылуда. Жолдардың бойында 59 су тасу тіркелсе, оның 19-ы әлі де қауіпті жағдай есебінде. Жол төсемінің 7 учаскесінде қазу жұмыстары жүргізілді (аудандық және республикалық маңызы бар жолдарда). Суды сору жұмыстары жүргізілуде (464 мың текше метр). 181 шақырым арық тазартылып, 105,7 шақырым канал кеңейтіліп, тереңдетілді, 80 мың дана құмқап дайындалып, оның 41 мың данасы төселді,-деді спикер.

Қазіргі уақытта облыста Төтенше жағдайға жеке құрамнан 1874 адам, 1154 еріктілер, 286 бірлік техника, 146 мотопомпа және 20 жүзу құрылғысы іске қосылған. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы елді мекендердің айналасындағы қорғаныс бөгеттері күшейтілген.

Өзгелердің жаңалығы