Петропавлдағы «Қарасай» стадионынан адам сүйектерінің қалдығы табылды

14 Маусым 2023, 23:45
625
Бөлісу:
Петропавлдағы «Қарасай» стадионынан адам сүйектерінің қалдығы табылды
Фото: архив

Петропавлдағы «Қарасай» стадионынан адам сүйектерінің қалдығы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 маусым сағат 09:59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдықтары табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама түскен.

Алдын ала анықталғандай, сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын осы аумақта болған зиратқа тиесілі.

Бұл факт Петропавл полиция басқармасы екінші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы