Петропавлдағы 2-ЖЭО 2,7 млн теңге айыппұл төледі

18 Сәуір 2023, 12:01
704
Бөлісу:
Петропавлдағы 2-ЖЭО 2,7 млн теңге айыппұл төледі
Фото: egemen.kz

СИМ ТРМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының прокуратурасымен Петропавл 2-ЖЭО «СевКазЭнерго» мекемесінің қызметін тексеруге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

САуда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында басқарма тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалануда көрсетілген бұзушылықтарды анықтады.

Кейбір өлшем құралдары 4 айдан астам тексерумен қамтамасыз етілмеген. Мысалы, жылу есептегіштері, дозаторлар, термометрлер және т.б.

Энергетикалық кәсіпорындардағы барлық технологиялық процесті - энергияны өндіру, тасымалдау және есепке алу режимдерін бақылау үшін әртүрлі жұмыс принципінің құралдарын қолдана отырып, әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және тіркеу қажет екенін атап өтеміз.

Өлшем құралдарын тексерусіз қолдану «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңын бұзу болып есептеледі.

Осы бұзушылық үшін 1 600 АЕК - 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Петропавл қаласы прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Қысқартылған өндіріс тәртібінде бұзушылық жасау фактісін мойындауға байланысты кәсіпорын 50% - 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы