Петропавлда жолаушылары бар автобус апатқа ұшырады

21 Қазан 2022, 06:41
901
Бөлісу:
Петропавлда жолаушылары бар автобус апатқа ұшырады

20 қазанда сағат 20:00 шамасында Петропавл қаласындағы Жамбыл – Мұқанов көшелерінің қиылысында Nissan Qashqai автокөлігі мен ішінде 12 жолаушы болған №16 бағдардағы автобус соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер де болмады.

Екі жүргізуші де сау, ішімдік тұтынбаған. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша материал жинастырылды, - делінген ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы