Петропавлда жаңа Арбат ашылады

16 Наурыз 2021, 05:38
971
Бөлісу:
Петропавлда жаңа Арбат ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда жақында жаңа Арбат ашылады, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар «QYZYLJAR Art Center» жобасы аясында облыс орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған көшелердің бірі өлкенің тарихи-сәулет ордасына айналады дейді.

Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтар классикалық және заманауи өнерді тамашалап, жергілікті қолөнер шеберлерінің шығармашылығымен танысады. Әйгілі суретшілердің туындылары қойылған жаңа «Ботай» галереясы да жоспарда бар. Өңірде алдағы уақытта мәдениет нысандарын қалпына келтіруге ерекше мән беріледі. Қазірдің өзінде 18 ғасырдағы Тас мешітінің орнында Ислам мәдениеті мұражайын қайта құру басталып кетті. Бұл жұмыстарға ел қазынасынан қомақты қаржы қарастырылған.

Мәдениет-саясат тұжырымдамасы бойынша республикалық бюджеттен 2021 жылға Айыртау ауданындағы «Сырымбет» кешенін қайта қалпына келтіруге – 25, ал Ботай қонысына 10 млн теңге қаржы бөлінеді. Келер жылдары Қарасай мен Ағынтай батырдың мемориалдық кешеніне 37 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Абылай хан резиденциясы да жаңаланады. Осылайша біз өңірдегі тарихи маңызға ие нысандарды жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірисов.

Өзгелердің жаңалығы