Петропавлда тыныштықты бұзған 1439 жағдай анықталды

24 Шілде 2021, 02:50
1583
Бөлісу:
Петропавлда тыныштықты бұзған 1439 жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан Петропавлда тыныштықты бұзудың 1439 бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бөкетов көшесіндегі үй тұрғындары жалдамалы пәтердің тұрғындарына тыныштықты бұзу фактілері бойынша шағымданып келген. Тұрғындар «102» арнасына хабарласпай, тікелей №4 учаскелік полиция пунктінің қызметкері Бақыт Дүйсембиновке қоңырау шалған.

Жыл басынан учаскелік инспекторға түнгі уақытта көршілерінің мазасын алған аталған жалдамалы пәтер тұрғындарын 15 рет шығаруға тура келген. Мәселе пәтер бюросының әкімгерімен әңгімелескеннен кейін шешілді. Учаскелік инспектордың кеңесіне ден қойған әкімгер пәтерді тек күндізгі уақытта сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін жалға беру туралы шешім қабылдаған. Тұрғындардың шағымданбағанына бір айдан астам уақыт өтті. Үй тұрғындары учаскелік полиция инспекторына тек алғыстарын білдіру үшін хабарласқан.

Полиция майоры Бақыт Дүйсембинов №4 учаскелік полиция пунктінде екі жылдай қызмет етеді, осы уақытта қызмет көрсететін учаске тұрғындарының алдында өзін тек жақсы қырынан көрсетті. Мұны адамдардың тікелей оған жиі жүгініп тұратынынан байқауға болады. Жалпы жыл басынан Петропавл аумағында полицейлер тыныштықты бұзу фактілері бойынша келіп түскен хабарламаларға 1 439 рет ден қойған. Әкімшілік заңнамамен жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін шулауға тыйым салынғаны туралы еске саламыз. Заңнаманы сақтап, түнгі уақытта адамдардың ұйықтап демалуына кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз, – деді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Өзгелердің жаңалығы