Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 132 адам құтқарылды

24 Наурыз 2021, 06:43
1296
Бөлісу:
Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 132 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, мамандар екі адамды құтқарды, 132 адамды қауіпсіз жерге  эвакуацияланды, деп хабарлады inform.kz.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 19.37-де «101» нөміріне Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 225 мекенжайындағы тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен.

Бес қабатты үй бұрын жатақхана болған, бір ғана кіреберісі бар, ұзын дәлізді ғимарат. Жалын екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетіп келген. Олар баспалдақты қолданып, екі адамды қою түтіннің ішінен алып шықты. Тағы 132 адам, соның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Ал 20 минуттың ішінде жалынды ауыздықтап, сағат 20.21-де толық сөндірді. Тілсіз жаумен өрт сөндіру қызметінің 31 маманы күресіп, 9 техника жұмыс істеді, – делінген хабарламада.

Әзірге өрттің неден шыққаны және шығын мөлшері белгісіз.

 


Өзгелердің жаңалығы