Петропавлда түнде ойын-сауық орындарында жүрген 15 жасөспірім анықталды

18 Сәуір 2021, 03:30
1403
Бөлісу:
Петропавлда түнде ойын-сауық орындарында жүрген 15 жасөспірім анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында екі күн ішінде түнде ойын-сауық орындарында жүрген 15 жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың жас тұрғындарының қауіпсіздігі – 14 сәуірден петропавлдық полицейлермен өткізіліп жатқан мақсаты. Басты назарда – жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, қала көшелері. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз сағат 23-тен кейін тұрғынжайдан тыс жүруге заңмен тыйым салынғаны туралы ескертеді. Өкінішке қарай, адамдар заңнама талаптарын біле бермейді. Мәселен, Жамбыл көшесіндегі дәмханалардың бірінде полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толған әпкесі мен таныстарымен бірге болған 17 жасар жасөспірімді анықтаған. Жастар құқық бұзушылық жасап жатқанын білгенде, таң қалғандарын жасырмады, олардың айтуынша, жасөспірім «ересектердің бақылауында болған».
Балалардың заңды өкілдері ретінде тек ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалар болуы мүмкін, – деп атап өтті Петропавл қалалсы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. – Аталған жағдайда жасөспірімнің ата-анасын және дәмхана иесін жауапқа тартуға тура келді. Іс-шараның екі күнінде кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орындарында және сағат 23.00-ден кейін тұрғынжайдан тыс жүрулерінің 15 фактісі анықталды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және асырау бойынша міндеттерін атқармағаны үшін жеті заңды өкіл жауапқа тартылды.
Бұдан бөлек, полицейлер тұрғылықты жері бойынша тұрмысы қолайсыз 56 отбасыны, есептегі тұрған 40 жасөспірімді тексерді. Оқу орындарында полицейлер оқушылармен 50-ден астам кездесу өткізген. Жасөспірімдер құқықтық сауатсыздықтан, кейбір әрекеттеріне қатысты жауапкершілік көзделгенін түсінбегендіктен, құқық бұзушылыққа жол беріп жатады. Тәртіп сақшылары бұл мәселелерді шешу үшін қылмыстық әрекеттерден сақтану жолдары туралы кеңестер берді.

Жедел-профилактикалық іс-шарасына Петропавл қаласы полиция басқармасы ЖПҚ бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларының барлық жеке құрамы тартылды. Жұмыс қамқорлық секторы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, білім ұйымдары, Петропавл қалалық прокуратурасы, СҚО құқықтық қолдау орталығының өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасауда жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы