Петропавлда сумен жабдықтау қалпына келтірілуде

14 Сәуір 2024, 00:46
311
Бөлісу:
Петропавлда сумен жабдықтау қалпына келтірілуде

Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова қаладағы осы сағаттағы жағдай туралы айтып берді. Ол қалада жарық беруде іркілістер жоқ екендігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше шұғыл түрде аулалар мен әлеуметтік нысандарға ауыз су жеткізу ұйымдастырылды. Қазіргі кезде 53 бірлік техника су тасымалдайды. Астанадан тағы 8 су тасушы көлік келді. Бүгінгі таңда барлық дүкендерде су бар. Сауда департаментінің мәліметінше, Петропавлға 330 тонна су әкелінген. Барлық қажетті өнімдер бар. Сонымен қатар, кешеден бері сумен жабдықтаудың баламалы көзін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгін олар тестілік режимде іске қосылды. Қазір қалада сумен жабдықтау қалпына келтірілуде. Су ішуге жарамды. Жүйедегі қысым біртіндеп көтеріліп келеді. Ол қалпына келгенде, барлық пәтерде су болады. Жарық бәрінде бар, - деді Әсем Айтулова Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Дүкендерде бағаның негізсіз көтерілуі туралы ақпаратқа тоқталған Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы қалада прокуратура, ЭТД және полиция қызметкерлерінен тұратын топтар құрылғанын, барлық фактілер тексеріліп жатқанын айтты.

Егер олар расталса, кінәлілер жазаланады, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы