Петропавлда самокатпен жүрген 2 ұры ұсталды

11 Қараша 2020, 19:00
1293
Бөлісу:
Петропавлда самокатпен жүрген 2 ұры ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екеуі жуырда 36 жастағы петропавлдықты тонап кеткен, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының муниципалдык телеарнасы.

Қала тұрғыны түнде Чайковский көшесімен келе жатқанда оны бәзбіреулер дауыстап шақырады. Оған мән бермеген соң самокат мінген екеуі қуып жетіп, ұялы телефонын, әмияны мен құжаттарын алып қойған. Тәртіп сақшылары ұрыларды бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. 20 жастағы жігіттер қалада тұрады. Өз істерін мойындап отыр. Қолды болған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір бұл фактіге қатысты тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Петропавл қаласының 2-ші полиция бөліміне Чайковский көшесінің бойында тонау жасалды деген арыз келіп түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталмаған облыс орталығының 20 жастағы 2 бірдей тұрғыны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – дейді Петропавл қалалық ПБ тергеушісі, Үмітбек Фархадов.

Өзгелердің жаңалығы