Петропавлда қалың қардан көпқабатты үйдің шатыры опырылды

28 Қаңтар 2024, 20:35
393
Бөлісу:
Петропавлда қалың қардан көпқабатты үйдің шатыры опырылды
Фото: instagram/serik__mukhamediev

Петропавлдағы көпқабатты үйдің шатыры опырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалада соңғы күндер қарлы болды, жауын-шашын нормадан екі есе көп жауды. Бүгін Абай көшесі, 84 үйінде қар мен мұздың салдарынан шатыр жартылай құлап кетті, - деп жазды қала әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желілерде.

Бұл үйдің шатыры бір де бір рет жөндеу көрмеген. Қазіргі уақытта үйдің төбесі тексеріліп жатыр. Кейін тұрғындармен бірлесіп одан әрі қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдайтын болады,

Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің басым бөлігі 80-ші жылы тұрғызылған. Жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілген жоқ және үй тұрғындары тарапынан да тиісті көңіл бөлінбеді, деп қосты Мұхамедиев.

Әкім жекеменшік пәтер иелері кооперативінің төрағаларына, тұрғын үйлердің тұрғындарына апатты жағдайларды болдырмау үшін шатырларды қар мен мұздан уақтылы тазарту туралы өтінішпен

Өзгелердің жаңалығы