Петропавлда пәтер тонағандар ұсталды

12 Ақпан 2020, 11:02
1491
Бөлісу:
Петропавлда пәтер тонағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласында пәтер тонаумен айналысқандар қолға түсті, деп жазды "Хабар 24".

Олар қаладағы екі баспананы тонап, 1 жарым миллион теңгені қолды қылған. Күдікті 4 жігіт Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынының тұрғындары болып шықты. Бәрі де бірнеше рет сотталған. Қазір қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлердің айтуынша, ұрылар пәтер есігін кілт таңдау арқылы ашып отырған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарға мұқият  болуға кеңес береді. 
Олар Петропавл қаласынан шыға берісінде "Оңтүстік" бекетінде ұсталды. Тексеру жұмыстары кезінде олардан ұрланған ақша және арнайы есіктерді ашатын құралдар тәркіленді, - деді  облыстық ПД басқармасының аға жедел уәкілі Мәдияр Хәріпов.

Өзгелердің жаңалығы