Петропавлда оңалту орталығы ашылды

8 Қыркүйек 2020, 05:35
1545
Бөлісу:
Петропавлда оңалту орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда коронавирустан айыққандарға арналған оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.

Мұнда келгендер физиотерапия, массаж, емдік жаттығулар мен тұзды шахта сынды ем-дом алады. Ол үшін учаскелік терапевт-дәрігерге жазылып, қажетті тексерістерді өтуі тиіс. Содан кейін, ауруханаға жатқызу порталына емделушінің аты-жөні енгізіліп, арнайы талон беріледі. Оңалту орталығында 14 күн денсаулығын нығайтып алуға болады. Коронавируспен ауырған науқас үшін ем алу тегін. Барлық шығын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен өтеледі.

Облыстық аурухананың пульмонология және оңалту бөлімшелеріне арнайы төсек-орындар қойып, осы орталықты аштық. Коронавируспен ауырып шыққан барлық азамат қайта емделіп, дәрігерлердің тексерісінен өткені абзал. Бұл оңалту орталығы тек көпбейінді облыстық аурухана қабырғасында ашылды. Барлық қажетті құрылғылар мен дәрі-дәрмектер жеткілікті, - деді облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.

 

Өзгелердің жаңалығы