Петропавлда неміс мәдениетінің күндері өтуде

24 Қазан 2019, 17:22
2449
Бөлісу:
Петропавлда неміс мәдениетінің күндері өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде неміс мәдениеті күндері өтуде, деп хабарлады assembly.kz. 

Оның шеңберінде би биленіп, ән шырқалып, тәтті-дәмділер мен түрлі бұйымдар көрмеге қойылды. Шара аясында студенттер неміс халқының тарихы, салт-дәстүрі және ас мәзірімен танысты. Олардың арасында көпшілікке танымал кребль де бар. Бұл кәдімгі бауырсаққа ұқсайды. Бірақ, атауы мен пішіні басқаша. Мұнда немістердің дастарханынан түспейтін бәлішті де кездестіруге болады.


"Бәлішті әжелерімізден қалған рецепт бойынша жасаймыз. Оны барлығымыз сүйсініп жейміз. Әсіресе, балаларымыз бен немерелеріміз жақсы көреді. Сондықтан, оларға үнемі таңғы асқа дайындап береміз", - дейді "Видергебурт" неміс этномәдени орталығының мүшесі Эльвира Родина.

Кеште "Полька"  флешмобы өтті.  Мұнда студенттер  неміс халқының ұлттық биін бір кісідей билеп, ән шырқалды.


"Іс-шараның мақсаты – студенттерге неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру. Менің ойымша, бұл жиын жастарға ұнады. Енді қазанның 25-күні университетімізде Герольд Бельгердің 85 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіземіз, ал 24 қазанда діни ағымдар жайлы сөз болады. Университет қабырғасында неміс мәдениеті күндері қазанның 25 күні аяқталады. Одан кейін студенттер үнді халқының тарихы, салт-дәстүрімен кеңірек танысуға мүмкіндік алмақ", - деді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная.

 





Өзгелердің жаңалығы