Петропавлда екі бойжеткен аялдаманы қиратқан

2 Қыркүйек 2021, 06:21
909
Бөлісу:
Петропавлда екі бойжеткен аялдаманы қиратқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қалалық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны  колледж маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан.

Оқиға орнына жеткен полиция наряды бұзақыларды сол жерде ұстаған. Аялдаманың әйнегін шаққандар облыс орталығының тұрғындары – 20 жастағы екі бойжеткен екен. Екеуі де мас болған.

Осы оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы – «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. Іс сотқа беріледі.

Бұл бап бойынша 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы