Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

11 Наурыз 2023, 16:27
1068
Бөлісу:
Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Шаһар тұрғындары таң сәріден керегін алып, себетін толтыруда. Себебі баға нарықтағыдан әлдеқайда төмен. Бұл қаладағы ең үлкен көшелердің бірі екенін айта кету қажет. Бүгін оның бір бөлігі жабылып, ақ шатырлар қаз-қатар тігілді. Себебі дәл осы жерде қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. 

Әсіресе ауылдың құрт-майын сағынған жұртшылық демалыс күніне қарамастан таң сәріден ағылып келіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша өңірдегі жүздеген кәсіпорын осы жәрмеңкеге қатысуда. 

Ет, сүт, бал, жұмыртқа, балық тіпті малға керекті жем-азықты да сатып алуға болады. Яғни өнімнің жүзден астам түрі жұртшылық назарына ұсынылып отыр. Жалпы бүгін қалаға аудандардан 400 тоннадай өнім келді. Ең бастысы олардың құны нарықтағыдан 15-20 процентке төмен.

Өзгелердің жаңалығы