Петропавлда 2 аптада 100-ге жуық жаяу жүргінші жол ережесін бұзды

8 Тамыз 2022, 22:43
1069
Бөлісу:
Петропавлда 2 аптада 100-ге жуық жаяу жүргінші жол ережесін бұзды

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” акциясы аясында жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жолдарда жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шараларды жалғастыруда. Сандар көрсеткендей, әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілерді соғып кетуден болған: жыл басынан СҚО-да тіркелген 184 ЖКО-ның 43 жағдайы орын алды. Онда 5 адам мерт болып, 45-і жарақат алған. Оның ішінде 19 ЖКО жаяу жүргіншілердің кінәсінен болғанын атап өткен жөн.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелеріне кезекті рейд жүргізді. Көбінесе жаяу петропавлдықтар Алтын арман және Тайга базарлары маңында өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігеді. Бұл автокөлік қозғалысы қарқынды қаладағы көше желісінің қауіпті учаскелері. Рейдтің екі сағаты ішінде көшені белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ полицейлердің көзінше кәмелетке толмаған балалары бар аналар жолды кесіп өтудің үш жағдайы орын алған, оның біреуі бесік арбаны жетектеп жолдан өткен.

Демалыс кезінде қала көшелерінде балалар көп жүреді. Олардың жолдан өту кезінде өзін-өзі ұстау дағдылары ересектерге қарап қалыптасатынын түсінген жөн. Сізге қарап, ертең балалар да жолдың жүріс бөлігіне шығатынын естен шығармау абзал. Айта кететіні, жыл басынан облыс жолдарында зардап шеккен жаяу жүргіншілердің жалпы саны ішінде 7-і кәмелетке толмағандар. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” акциясы аясында жұмыс істеуде. Рейдтер күшейтілген режимде жүргізілуде. 19 шілдеден акция басталғаннан бері облыста 606 жаяу жүргінші және жол қозғалысының өзге де қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді СҚО Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Өзгелердің жаңалығы