Петропавл ЖЭО-ның қисық мұржасына кім жауапты? Нысан қайта салынып жатыр

11 Тамыз 2023, 22:12
851
Бөлісу:
Петропавл ЖЭО-ның қисық мұржасына кім жауапты? Нысан қайта салынып жатыр
Фото: baq.kz

Себебі нысан дұрыс салынбай, қисайып кеткен. Қазір мұржаның жоғарғы бөлігі бұзылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

180 метрлік нысанның құрылысына коммуналдық компания есебінен 2,5 млрд теңге бөлінген. Көктемде іргетасы қаланған мұржаның биіктігі 39 метрге жетіп қалған еді. Енді оның қанша бөлігі бұзылатыны белгісіз. Жылу орталығының басшылығы шығынды бас мердігердің өзі көтеретінін айтты.

Айта кетейік, былтыр наурыз айында старегиялық нысанда түтін мұржасы опырылып құлаған болатын. Төтенше жағдай кезінде бір жұмысшы үйінді астында қалып, мерт болды.

Жылыту маусымын бастауға ешқандай кедергі жоқ. Себебі барлық қазандықтар қалған екі мұржаға қосылған. Құрылыс қашан қайта жалғасатыны белгісіз. Бетон құятын автоматты қондырғы орнынан жылжып кеткен. Сондықтан ақау пайда болған. Арнайы комиссия іске кірісті. Ендігі жұмыс мамандардың жасаған қорытындысына сай атқарылады, - дейді Петропавл жылу электр орталығының директоры Дмитрий Захаров.

Өзгелердің жаңалығы