Петропавл жастарына сайлау заңнамасы түсіндірілді

15 Қазан 2022, 10:56
1821
Бөлісу:
Петропавл жастарына сайлау заңнамасы түсіндірілді
PHOTO
Фото: автордан

Петропавлда «Сайлау құқығы мен процесінің өзекті мәселелері» тақырыбында жиын ұйымдастырылды. Басқосуға қатысқан «Қазақстандық заңгелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  өкілдері көпшілікке сайлау туралы заңның баптарын түсіндірді, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Жиынға  Қозыбаев университетінің студенттері, магистранттары, оқытушылар, үкіметтік емес ұйымдар  және басқа да қоғам өкілдері қатысты. 

Петропавл жастарына сайлау заңнамасы түсіндірілді

Жуырда ҚР Президент сайлауына кандидат ретінде қатысуға ниет білдірген 12 адамның аты-жөні жарияланды. Алайда, кандидаттарды іріктеу тәртібіне сәйкес бірнеше азамат тізімнен шығарылды. Оның себебін залда отырған оқытушылар мен жастарға заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Абдрасулов түсіндірді. Астаналық спикер жиынға онлайн режимде қатысты. 

Ел басқаруға үміткерлердің ішінде Хайрулла Ғабжалилов есімді азамат болды. Орталық сайлау комиссиясы оны кеше тізімнен алып тастады. Себебі, ол Қазақстан тумасы емес.  Өзбек мемлекетінде дүниеге келген. «Қандас» мәртебесіне ие. Талап бойынша сайлауға ҚР-да туған адам ғана түсе алады, - деді Ермек Абдурасулов.

Өзгелері де осы сынды себептермен президенттікке үміткерлер тізіміне енгізілген жоқ. 

Петропавл жастарына сайлау заңнамасы түсіндірілді

Алдағы саяси додада ел тағдыры шешіледі дер едім. Себебі Қазақстанды алдағы 7 жылда кім басқаратыны өте маңызды мәселе. Сондықтан сайлауды әділ өткізу қажет. Осы орайда қоғамдық бақылаушыларға зор жауапкершілік артылады. Сондықтан олардың дауыс беру учаскелеріндегі жұмысы еш кедергісіз өтуі шарт. Мен де қоғамдық бақылаушы қызметін атқарып көрдім. Сайлаудың әділ өткеніне көзім жетті. Оны еліміздегі демократияның жемісі ретінде қабылдадым, - дейді Қозыбаев университетінің аға оқытушысы Қуандық Бажайұлы. 

Петропавл жастарына сайлау заңнамасы түсіндірілді

Естеріңізге сала кетсек, 20 қарашада өтеді деп жоспарланған Президенттің кезектен тыс сайлауына 7 үміткер іріктелді. Олар кандидат ретінде тіркелу үшін сайлаушылардан қол жинауы шарт.  

Өзгелердің жаңалығы