Петропавл тұрғыны үйінен мыңға жуық патрон тауып алған

17 Қаңтар 2021, 09:40
1515
Бөлісу:
Петропавл тұрғыны үйінен мыңға жуық патрон тауып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық патрон тауып алған, деп жазды Polisia.kz.

Петропавл қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері өз қоймасынан күдікті мырыш қорап тауып алған Петропавл тұрғынының шақыруы бойынша барған. Онда 5,45*49 калибрлі 990 патрон болған. Ер адам үйді 14 жыл бұрын сатып алғанын және қойманың түкпірінде сақталған ескі заттарды жинастырғанын айтқан.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б. (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Патрондар алынып, сараптамаға жіберілді. – Алынған заттар монтаждау немесе “құрылыстық” деп аталатын патрондар болып табылады, — дейді Екінші ПБ бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова. 

Оның айтуынша, патрондардың оқ-дәрілерге жататындығын сараптама көрсетеді. Басқа қылмыс құрамы болмаған кезде ерікті тапсыру қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатады.

Өзгелердің жаңалығы