Петропавл қаласының әкімі ауысты

1 Шілде 2023, 09:38
725
Бөлісу:
Петропавл қаласының әкімі ауысты
Фото: gov.kz

Бұл лауазымға Серік Мұхамедиев тағайындалды. Бүгінге дейін ол Ғ.Мүсірепов ауданын басқарған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серiк Мақсұтұлы Мұхамедиев 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi.

Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. Сауда және бизнес салаларында экономист, сауда жөнiндегi орынбасары, сауда-саттық бөлiмiнiң басшысы, «Авто-Холдинг Компаниясы» ЖШС-нiң директоры, «Эй Джи Трэйд» ЖШС директоры, «Достар Плюс» Компаниясы» ЖШС-нiң қаржы директоры, «Дега плюс» ЖШС-нiң қаржы директоры (1991 ж. қараша — 2010 ж. шiлде) болып iстедi.

Мемлекеттiк қызметте 2010 жылдың шiлдесiнен қазiргi уақытқа дейiн қызмет атқарып келедi. Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Солтүстiк Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымында еңбек еткен.

2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың шілдесіне дейін Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі болып қызмет етті.

Өзгелердің жаңалығы