Педагогтардың жалақысы жыл сайын 25%-ға көбейіп келеді

8 Ақпан 2022, 16:24
1375
Бөлісу:
Педагогтардың жалақысы жыл сайын 25%-ға көбейіп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова салада атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

Ол ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының сапасын және білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бағытында бірқатар өзгеріс жасалғанын айтты.

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында пәннің мазмұны, ата-аналармен қарым-қатынас орнатудың жаңа форматы және қосымша біліммен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өткіміз келеді. Мектеп қызметінің сапасын арттыру педагогтардың кәсіби потенциалын дамытумен тікелей байланысты. Педагогтардың мәртебесі мен жұмыс жағдайлары жақсартылып жатыр. Педагогтардың жалақысы жыл сайын 25%-ға көбейіп отыр, - деді Гүлмира Кәрімова.

Сөзінше, білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының еңбекақылары 30%-дан 100%-ға дейін көтерілді. Сонымен қатар педагогтардың нормативтік жүктемесіне өзгерістер жасалды.

Педагогикалық мамандықтарға оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның шектік балы жоғарылады. Педагогикалық мамандық бойынша оқитын студенттер үшін шәкіртақы көтеріліп, міндетті сертификация енгізілді, - деп атап өтті комитет төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы