Павлодарлықтар жанармайдың кейбір түрін арзан бағаға сатып ала алады

17 Қаңтар 2022, 21:19
1256
Бөлісу:
Павлодарлықтар жанармайдың кейбір түрін арзан бағаға сатып ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгін қалалық әкімдікте "Pegas" жанармай бекеттері желісінің "LF-Trade"ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап ҚР энергетика министрлігінің бұйрығымен 180 күн мерзімге мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуда шекті бағалар белгіленді. Мәселен, АИ-92 бензинінің бір литрі 182 теңге, ал, АИ-95 бағасы қазір 215 теңгені құрайды.

2022 жылдың 18 қаңтарынан 18 сәуіріне дейін павлодарлықтар жанармайдың кейбір түрлерін одан да арзан бағаға сатып ала алады. Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгін қалалық әкімдікте "Pegas" жанармай бекеттері желісінің "LF-Trade"ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Келісім-шартқа сәйкес, "Pegas" жанармай құю бекеттерінде АИ – 92 маркалы бензин 179 теңгеден, АИ – 95 баағасы 212 теңгеден сатылатын болады. Меморандум ағымдағы жылғы 18 қаңтар сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы