Павлодарлық гематологтар үздік нәтижелерге қол жеткізді

25 Ақпан 2022, 17:46
1427
Бөлісу:
Павлодарлық гематологтар үздік нәтижелерге қол жеткізді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі.  Ертіс өңірінің гемотолог-дәрігерлері күрделі қан ауруларын емдеуде үздік нәтижелерге қол жеткізуде. 

Тәжірибелі мамандар жан-жақты миелома дертіне шалдыққан ер азаматты аяққа тұрғызды. 

Ерлан Жакин Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың гемотология бөліміне бір жыл бұрын түскен. Сол сәттен бері емделіп жатыр. 

Өзім құқыққорғау органдарындағы қызметімді аяқтаған соң құрметті демалысқа шыққан едім. Екі жыл бұрын сырқаттана бастадым. Ауруым дендегені соншалық, тұра алмай, жатып қалдым. Аяқ-қолымды көтере алмай қалдым. Нақты диагноз геиатолог-маманның кеңесіне келген соң бірақ анықталды. Маған «миелома», яғни, қан жүйесінің ісігі диагнозы қойылды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл - емделмейтін дерт. Бірақ, бір жылдық ем-дом шараларынан соң аяққа тұрып кеттім, - дейді Ерлан Жакин. 

Қазіргі уақытта гематология бөліміндегі 20 төсек-орын толық. Науқастардың басым бөлігі күрделі қан ауруларына шалдыққан. Ал облыс бойынша бөлімнің есебінде 800-ге жуық азамат тұр. Олардың 500-ден астамына қан жүйесінің ісігі диагнозы қойылған.

Бөлім меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас гематологы Жаннұр Сейсенбекованың айтуынша, ем мемлекеттік-әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында жүргізіледі.

Біз негізінен қан жүйесінің ісігі бағытындағы ауруларды емдейміз. Олардың қатарында созылмалы лейкоз, миелома сияқты дерт түрлері бар. Қан ауруларының 250-ден астам түрі белгілі. Ем-дом шаралары министрлік бекіткен хаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Соңғы жылдары әлемдік стандарттарға көштік. Біршама уақыт бұрын науқастар Түркия, Ресей мен Қытайға емделуге баратын. Қазіргі уақытта қызметтердің барлығын өзіміз атқара аламыз. Алдағы уақытта науқастың туыстарын жұлын майын ауыстырып, орналастыруға дайындау жұмыстарын қолға аламыз. Қан ауруларын емдеудегі маңызды технология 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде, - дейді Жаннұр Сейсенбекова.

Айта кетейік, облыстағы жалғыз бөлімше 1979 жылдан бері жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы