Павлодарлық ғалымдар көбелектің жаңа түрін тапты

26 Сәуір 2022, 11:47
2301
Бөлісу:
Павлодарлық ғалымдар көбелектің  жаңа түрін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық ғалымдар елімізде көбелектің жаңа түрін тапты. 

Бқл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Біз елімізге тән емес, ерекше лепидоптера жәндіктері, яғни түнгі Catocala helena көбелектері туралы айтып отырмыз.

 Көбелектің бұл түрін Қарағанды ​​даласынан Торайғыров энтомологы Сергей Титов және оның Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен ҚР БҒМ ҒК Зоология институтындағы әріптестері ашты.

Бұрын Catocala helena Ресейдің Қиыр Шығысында, Кореяда, Қытайда және Моңғолияда жалпақ жапырақты ормандарда өмір сүрген. Соңғы жылдары ол Забайкальеде, Батыс Сібірде байқала бастады және Қазақстанды айналып өтіп, Catocala helena Оңтүстік Оралға және Ресейдің еуропалық бөлігіне Еділ бойына жетті. Алайда қазір біздің зерттеулеріміз көбелектердің бұл түрі Қазақстанда да пайда болғанын көрсетіп отыр. Біз бұл инвазивті түрдің болашақта Қазақстан табиғатына қандай әсер етуі мүмкін екенін анықтау үшін Catocala helena-ның әрі қарай еліміздің аумағында да, шетелде де өмір сүру салтын бақылаймыз, - дейді Сергей Титов.

Сондай-ақ ғалымдар Catocala helena-ның неліктен шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастағанын және бұған дейін біздің фаунамызға белгісіз басқа инвазиялық жәндіктер осы көбелектерге ілесе ме, жоқ па, соны анықтауы керек.

Өзгелердің жаңалығы