Павлодарлық 61 жастағы тұрғыннан 1,5 келі марихуана тәркіленді

24 Желтоқсан 2021, 21:11
1152
Бөлісу:
Павлодарлық 61 жастағы тұрғыннан 1,5 келі марихуана тәркіленді

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 61 жастағы тұрғыннан 1,5 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Железин ауданы ауылдарының бірінің тұрғынынан есірткі тәркіленді.

Аталған есірткі ауыл тұрғыны үйінің учаскесінде орналасқан үйде және тұрғын емес құрылыста тінту іс-шараларын жүргізу кезінде алынды. Сараптама қорытындысы бойынша, марихуана есірткі құралының жалпы салмағы 1,5 келіні құрады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы