Павлодарлық жемқорлықпен күрес қызметі індетпен күреске бөлінген қаржыны 80 млн теңгеге үнемдеді

30 Сәуір 2020, 11:45
1698
Бөлісу:
Павлодарлық жемқорлықпен күрес қызметі індетпен күреске бөлінген қаржыны 80 млн теңгеге үнемдеді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жемқорлықпен күрес қызметі пендемиямен күреске бөлінген қаражатты 80 млн теңгеге үнемдеді.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері "Ертіс - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, арнайы мониторингтік топ пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі коронавирустық инфекциямен күресуге бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын тексерді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас қарсы жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі Павлодар бойынша облысы департаментінің басқарма басшысы Назымбек Бекжановтың айтуынша, комиссия мүшелері медициналық құрал-жабдықтарды мемлекеттік сатып алу процедуралары шеңберіндегі баға ұсыныстарын қарастырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаларды жасанды демалу аппараттары мен кереует жанындағы мониторларымен жабдықтау мақсатында конкурс жариялаған.   Оған бірнеше болашақ тасымалдаушыдан өтініштер түсті. Баға ұсынысының тиімділігін тексерумен аранайы мониторнгтік топ айналысты. Нәтижесінде мемлекеттік қаражаттың 83,6 млн. теңгесін үнемдеуге мүмкіндік туды, - дейді Назымбек Бекжанов.

Үнемделген қаржы монитиорнгтік топтың ұсынысымен тағы екі жасанды демалу аппараты мен тоғыз кереует жанындағы мониторларды сатып алуға бағытталды.

Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.

Өзгелердің жаңалығы