Павлодарлық трамвайларда зарарсыздандыру жұмыстары күшейтілді

16 Наурыз 2020, 20:30
1673
Бөлісу:
Павлодарлық трамвайларда зарарсыздандыру жұмыстары күшейтілді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі трамвай басқармасы коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында сақтық шараларын күшейтті. Нақтырақ айтқанда, көліктердің ішін зарарсыздандыру жұмыстарын қолға алды.

Басқарма мамандарының хабарлауынша, бүгінде релсті көліктің ішіндегі тазалық жұмыстарын күшейту мақсатында кондукторлар мен жүргізушілерге зарарсызданыру өнімдері таратылады.

Павлодар трамвай басқармасы қозғалыс бөлімінің басшысы Светлана Захарованың айтуынша, бүгінде кәсіпорында дезинфекциялық өнімдердің қоры дайындалған.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты трамвай депосы жұмыс кестесін қысқартпайды. Керісінше, жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Себебі, трамвай облыс орталығындағы негізгі қоғамдық көлік саналады. Қала сыртындағы өндіріс ошақтарының мамандары жұмыс орындарына күнбе күн трамваймен қатынайды. Біздің мақсат - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Күніне мыңдаған жолаушымен көрісіп, оларға қызмет көрсететін кондукторлардың да қауіпсіздігі жіті назарымызда. Оларға бер реттік медициналық маскалар мен зарарсыздандырғыш заттар таратылады, - дейді Светлана Захарова.

 Қазіргі таңда қозғалысқа күнбе күн 82 трамвай шығады. Тәуілігіне 46 мыңнан астам жолаушы тасымалданады.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай облыс орталығындағы автовокзалының жұмыс кестесіне өзгерістер енгізді. Негізгі технологиялық процесске қатыспайтын мамандардың жұмыс күні сағат 16:00-ге дейін қысқартылды. Ал Ресей аймақтарына қатынайтын автобус қозғалысына шетеу қойылды. Сала мамандарының мәліметінше, жолаушылар тасымалы 60%-ке азайған. Енді халықаралық рейстік автобустардың 82 жүргізушісі мәжбүрлі демалысқа кетпек.

 


Өзгелердің жаңалығы