Павлодарлық студенттер ел дамуындағы Елбасының рөлін талқылады

20 Сәуір 2019, 09:09
2008
Бөлісу:
Павлодарлық студенттер ел дамуындағы Елбасының рөлін талқылады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар мемлекеттік педагогикалық универсиетінің студенттері мен оқытушылары Елбасының Қазақ елінің дамуында атқарған рөлін талқылау мақсатында дөңгелек үстел басына жиналды.

Жиналған қауым Тұңғыш Президентіміздің «Алдымен экономика, кейін са-ясат» формуласы посткеңестік кеңістікте жас мемелкеттің өсіп-өнуіне оң сеп-тігін тигізгенін тілге тиек етті.

Шараны жоғары оқу орнының тарих және ҚХА кафедрасының өкілдері ұйымдастырды. Шараны өткізудегі басты мақсат – Елбасының мемлекет тарихындағы маңызды рөлін айқындап, жастарға үлгі ету.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен ха-лықаралық саяси әлемдегі орны туралы философия ғылымдарының докто-ры, тарих және ҚХА кафедрасының доценті Айгүл Садықова ойымен бөлісті.

«Кеңес Одағы ыдыраған соң еліміз Тәуелсіз мемлекет атанды. Жас елдің ал-дында даму жолында дұрыс қадам жасау керек болды. Сол сәтте Нұрсұлтан Назарбаев алдымен экономиканы реформалау бойынша қадамдар жасады. «Алдымен экономика, кейін саясат» форумы қабылданды. Уақыт өте келе бұл дұрыс жол екенін түсіндік. Елбасы жүргізген саясаттың арқасында еліміз экономикалық дағдарысты көрмеді. Ендігі мақсат – елдігімізді сақтап, Тәуелсіздігімізді баянды ету», - дейді маман.

Университет студенты Рахым Асылханның айтуынша, Елбасы саясаты – тұрақтылық кепілі.

«Осыдан 100 жыл бұрын Алаш зияллылары мұрат-мақсат еткен асқақ арма-нын еске алайық. Сол арманы арадан 70 жылдай уақыт өткен соң орындал-ды. Елбасының мемлекет тарихында маңызы өте зор деп ойлаймын. Себебі, оны Алаш зиялыларымен халық арманының ақиқатқа айналуына себепкер болған тұлға ретінде танимын. Халыққа Тәуелсіздік алып беру бұл оңай ша-руа емес, ал сол Тәуелсіздікті сақтап тұру – бұл одан да қиын шаруа», - дейді студент.

Өзгелердің жаңалығы