Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет, – дейді облыс әкімі.
Жаңа көліктерді 5 ақпанға қарай желіге шығару жоспарлануда. Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайды.
Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған.