Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілді

20 Наурыз 2024, 10:18
239
Бөлісу:
Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілді
PHOTO
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімі Асайын Байханов дезинсекциялық жұмыстардың басталу дайындығын тексерді. Өңірге 60 тонна көлемінде «Бактицид» биопрепаратының бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалған бөлігі наурыз айының соңына дейін жеткізіледі. Мамандар жалпы 157 тонна препарат қолдануды жоспарлап отыр екен.

Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілді

Қазгидрометтің дерегіне сәйкес өңірде көктем мезгілі ұзаққа созылады, осыған байланысты суды жіберудің басталу мерзімі шамамен сәуір айының екінші онкүндігіне өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Ертістің жоғарғы ағысындағы қар қорының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 60-65%-ға жоғары, бұл да жіберілетің судың көлеміне әсер етеді. Жіберілетін судың болжамды көлемі - 5,5-6 млрд текше метрді құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 50%-ға артық.

Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілді

Дезенсекциялық жұмыстарды жүргізу кезінде облыстық мердігер Ертіс жайылмасын үш тәсілмен өңдейді: әуе, өзен және тосқауыл. Биылғы жылы әуеден өңделетін алқаптың ауданы едәуір ұлғайып, 127 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 55,5 мың гектарға артық. Павлодардың жағалау аймағы, Ақсу, Ақтоғай және Тереңкөл жайылмаларынан басқа биыл алғаш рет Ертіс және Павлодар аудандарының жайылмалары әуеден өңделеді.

Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілді

Өңір басшысы ауа-райының ықтимал күрделілігіне қарамастан, өңделетін аумақ көлемінің еселенген ұлғаюымен жұмыс стратегиясы мен алгоритмі сақталатынын атап өтті. Сондай-ақ, Асайын Байханов экологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығына назар аударды.

Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілді
Өзгелердің жаңалығы