Павлодардың жедел-жәрдем қызметі жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмектесуде

16 Қыркүйек 2024, 21:17
269
Бөлісу:
Павлодардың жедел-жәрдем қызметі жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмектесуде
Фото: BAQ.KZ

Павлодарлық жедел-жәрдем қызметінің бригадалары 15 жол-көлік оқиғасында зардап шеккен азаматтарға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өкінішке қарай, апат салдарынан көз жұмғандар болды.

Мәселен «Павлодар-Семей» жолының бойында жеңіл көлік аударылып, төрт бала зардап шекті. Облыстық балалар ауруханасының баспасөз-хатшысы Камила Даированың хабаралуынша, апат салдарынан 14, 9, 2 және 11 жасар кәмелеттік жасқа толмаған ұл-қыз түрлі деңгейдегі жарақат алды. Ал машинаның ішінде болған 35 жастағы азаматшаның жағдайы тұрақты.

Олардың барлығы аурухананың жарақаттар бөліміне жеткізіліп, қаралды. Екі бала жарақаттар бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта диагностикалық және емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған екі жеткіншек үйлеріне қайтарылып, амбулаториялық бақылауға алынды. Бүгінгі таңда зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. 14 жастағы қызға операция жасалды. Ол бұғанасын сындырып алған, - дейді Камила Даирова.

Тағы бір апат кешкі уақытта болды. Омбы тас жолына бағытта 33 жастағы әйел жеңіл көліктің астына түсіп, тілге келместен оқиға орнында көз жұмды. Облыс орталығында да ер азаматты көлік қағып, түрлі жарақат алған.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жаяу жүргіншілерді ңзардап шегу деректері көбейіп кеткен.

Жаяу жүргіншілерді қағып кету күнделікті құбылысқа айналып кетті. Осындай оқыс оқиғалардың басым бөлігі кешкі немесе түнгі уақытта тіркеліп жатыр. сондықтан, жүргізушілерге абай болу керектігін тағы бір рет ескертеміз. Ал жаяу жүргіншілер жолды өтерде абай болған жөн. Тек рұқсат етілген жермен өту маңызды, - дейді облыстық жедел-жәрдем станциясы директорының орынбасары Ирина Мищенко.

Өзгелердің жаңалығы