Павлодардың ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты

15 Маусым 2024, 09:11
284
Бөлісу:
Павлодардың ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар қаласында Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өндіріс цехтарының аумағының бірінде болып жатқан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір қабатты ғимараттың шатыры жанған. Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Өрт орнында штаб құрылды.

Өзгелердің жаңалығы