Павлодардағы ауруханалар белшеден қарыз - сенатор мәселе көтерді

18 Мамыр 2023, 12:07
592
Бөлісу:
Павлодардағы ауруханалар белшеден қарыз - сенатор мәселе көтерді
Фото: BAQ.KZ

Павлодар облысындағы ауруханалардың қарызы күннен-күнге артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы депутат Елнұр Әйткенов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, оған медициналық ұйымдардың толық қаржыландырылмай отырғаны себеп болған. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің араласуынсыз шешілмейді деп отыр.

Ал стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақы қорының орташа өсімі 21-ден 25 пайызға дейін болса, базалық тариф орта есеппен 11,4 пайызға ғана көтерілген.

2023 жылға арналған қаржыландыруды талдау бөлінген қаражаттың жылдық жалақының 100 пайызына жететінін көрсетті. Басқа шығындар, мысалы, коммуналдық төлемдер, байланыс қызметтері, басқа сатып алулар мен қызметтер жеткіліксіз қаржыландырылған. Сонымен қатар өткен жылдан бастап Павлодар облысында халыққа стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін нақты көрсетілген медициналық қызметтерді жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Нәтижесінде 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 2 млрд 825,5 млн теңге, - деп атап өтті сенатор депутаттық сауалында.

Ол Денсаулық сақтау министріне жыл сайынғы жалақының өсуін, коммуналдық төлемдердің, азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, басқа да қызметтердің инфляциясын ескере отырып, тарифтерді қайта қарауды, сондай-ақ жалақысы аз өңірлерге түзету коэффициенттерін қолдануды қарастыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы