Павлодарда жылуды дұрыс бермеген кәсіпорын айыппұл арқалады

26 Ақпан 2022, 04:25
1210
Бөлісу:
Павлодарда жылуды дұрыс бермеген кәсіпорын айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 7 ақпан мен 2022 жылғы 18 ақпан аралығындағы кезеңде «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптары мен үлгілік шарт нормаларының сақталуы тұрғысынан «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның қызметтеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ведомствоның атына Ткачев көшесі, 9, 11, 13, М.Жүсіп, 20 «Айсберг» ПИК, Минин көшесі, 40 мекенжайы бойынша орналасқан үйлердің тұрғындарынан,  сондай-ақ С.Щедрин көшесі, 30-шы үйдің тұрғындарының мүдделерін білдіретін жеке кәсіпкер Г.Н Шмидттан жылумен сапасыз жабдықтау немесе жылумен жабдықтаудың болмауы мәселелері бойынша өтініштер келіп түскен.

 Тексеру қорытындысы бойынша Ткачев көшесі 9, 11, 13 мекенжайлары бойынша температураның  ұсынылған кестеден ауытқу фактісі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің Минин көшесі, 40 және С.Щедрин көшесі, 30 үйлерінде тұратын тұтынушыларға сапасыз жылу энергиясын жеткізу фактісі анықталды, - дейді облыстық ТМРД-де. 
 

Осыған байланысты департамент «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 6 әкімшілік іс жүргізуді қозғады. Онда әрбір бұзушылық бойынша 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген, бұл 29 404 800 теңгені құрайды.

Бұдан басқа, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның атына жоғарыда аталған мекенжайларында тұратын тұтынушыларға 10 күнтізбелік күн ішінде жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу қажеттілігі туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы