Павлодарда жылу желісіндегі апат салдары жойылды

29 Қараша 2020, 13:32
1259
Бөлісу:
Павлодарда жылу желісіндегі апат салдары жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖЭО-1 аумағындағы жылу желісіндегі апат жойылды.

Барлық жөндеу жұмысы аяқталды. Қаланың оңтүстік бөлігінде «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО аймағы бойында гидравликалық режим қалпына келтірілді, - деп хабарлады Павлодар қаласының әкімдігі.

Қазір жылу тасымалдағыш температурасы белгіленген параметрлерге дейін біртіндеп көтерілуде. 

2020 жылдың 27 қарашасында сағат 20:10-да 112 пультіне Павлодар қаласы Оңтүстік және Шығыс шағын ауданы тұрғындарынан пәтердегі жылудың жоқтығы туралы хабарлама келіп түскен.Тексеру барысында сағат 19:00-де ЖЭО-1-дегі құбыр жарылып кету салдарынан №3 турбина тоқтатылған. Кейіннен жылу беру үшін уақытша үш желілік сорғы орнатылған. Соның барысында жылу беру мөлшері төмендеп кеткен, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары барысында ақау жойылғанша ЖЭО-1 тұтынушылары 27 қараша сағат 20:00-де ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-тің желісіне қосылды. Жылу желісінің ақаулы бөлігі демонтаждалып, оның орнына жаңасы қойылды. Қалпына келтіру жұмыстары 28 қараша сағат 12:00-ге дейін жалғасты. Кейіннен жылу қайта берілді.

Апаттық жұмыстарға жеке құрамнан 90 адам және 25 техника, атап айтқанда «Тепловые сети» ЖШС (40 адам, 10 техника), «Қазақстан алюминийі» АҚ (40 адам, 10 техника), жергілікті атқарушы органдар (5 адам, 3 техника) және Павлодар облысы ТЖД (5 адам, 2 техника) қызметкерлері жұмылдырылды.

29 қарашада түстен кейін жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы