Павлодарда жылу желілерінде тағы да ақау шықты

12 Қаңтар 2023, 17:47
669
Бөлісу:
Павлодарда жылу желілерінде тағы да ақау шықты

Салдарынан екі көпқабатты үй мен төрт жеке үйде жылу ажыратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, Мүткенов көшесі, 49 мекенжайында орналасқан жылу желілерінде жылумен жабдықтау іске қосылғаннан кейін зақым табылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Екі көпқабатты тұрғын үй мен төрт жеке үйде жылу өшірілді. «Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары зақымдануды анықталып, толық жойылғанға дейін үздіксіз жұмыс жүргізетін болады, – делінген хабарламада.

Осыған дейін қаладағы Мүткенов көшесі, 49 мекенжайында орналасқан жылу желілердегі зақым жойылып, жылу желілері іске қосылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы