Павлодарда жол жөндеу науқаны басталды

14 Наурыз 2023, 10:56
937
Бөлісу:
Павлодарда жол жөндеу науқаны басталды
Фото: Егемен Қазақстан

Облыс орталығында жол жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Павлодар қалылық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының мәліметінше, жөндеу бригадаларының саны екі есе көбейді.

Көктем келісімен жол жабындысының шұңқырлы жөндеу жұмыстары басталды. Біз МАС-асфальт төсеу технологиямын қолданамыз. Бұл тәсілдің арқасында күннің жылынуын күтпейміз. Ауа райы температурасы нөлден төмен болған кезде де жұмыстар тоқтамайды. Қазіргі уақытта төрт бригада жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, жөндеуді қажет ететін қала ішіндегі жол учаскелері күнбе күн анықталып жатыр, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының оранбасары Әбілқасым Оспанов. 

МАС-асфальт технологиясын қолданған кезінде битумның концентрациясы ұлғаяды. Осылайша, ауа райының салқындығы кедергі келтірмейді. Қала бойынша 700 тонна битум пайдаланылады деп күтілуде. Сала мамандарының айтуынша, аймақтағы зауыттыр ашылған соң жол жөндеу жұмыстары қарапайым әдіс бойынша жалғаса бермек.

Қазір жөндеу төрт учаскеде жүріп жатыр. Алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары да басталмақ. Науқан барысында қираған шамдар алмастырылып, 20-дан астам футбол алаңы жарықтандырылады. Айта кетейік, былтыр 140 аулаға жарықтандыру құралдары орнатылды. Бұл игілікке 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Өзгелердің жаңалығы