Павлодардағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты

30 Тамыз 2020, 14:04
2095
Бөлісу:
Павлодардағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апат кезінде 7 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 30 тамыз күні сағат 02:29-да Павлодар қаласы, Лимон аллеясы көшесіндегі «Усадьба» ресторан-қонақ үй кешенінде өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.
Ағаш кешен толығымен жанып кетті. Тілсіз жау 200 шаршы метр аумаққа жайылды. Өрт гидрантынан магистральды желі тарттылды. Шатырға АКП-50 орнатылды. Өрт сөндірушілер 80 литрлік газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 07:05-те толығымен жойылды, - деді Павлодар қаласы ТЖ басқармасы офицері Сабыржан Тастембеков.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамның 34 сарбазы мен 11 техника жұмыс жасады. Сонымен қатар, 30 тамыз күні облыс орталығындағы Маяковский көшесі 51 мекенжайындағы жеке үйдің ағаш бөліктері толығымен жанып кеткен.
Өрт туралы хабар сағат 03:01-де келіп түсті. Үйдің ағаш бөлігі, шаруашылық құрылыстары толығымен жанып кетті. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер 3 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 04:25-те толығымен жойылды. Оқиға орнына 13 адам мен 4 техинка жұмылдырылды, - деді департаментте.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыста 5 өрт пен 10 жану оқиғасы тіркелген.



Өзгелердің жаңалығы