Павлодарда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында 18 жоба жүзеге асырылады

3 Сәуір 2023, 10:45
947
Бөлісу:
Павлодарда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында 18 жоба жүзеге асырылады
Фото: opennews.kz

Облыс орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жалпы құны 778 млн теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Жұмыстардың барлығы «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде іске асырылады. Сала мамандарының айтуынша, 2025 жылға қарай Павлодардағы барлық аулалар абаттандырылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі 1000-нан астам ауланың 43%-ы ғана ретке келтірілген. Мәселе жыл сайын, кезең-кезеңмен шешімін табатын болады.

Биыл 113 аула абаттандырылады. Бұл жұмыстарға 4,9 млрд теңге бөлінеді. Бұл тұрғыда абаттандыру жөніндегі концепция ережелерін ескеруіміз керек. Мәселен, тұрғын үй зоналарын спорттық және балалар алаңдарына бөлу. Бұл тәжірибені аудандарда да дамытамыз. Биыл, сонымен қатар, облыс орталығында 10 саябақ пен сквер жөнделеді. Субұрқақтарды реконстукциядан өткізу де жоспарланған. Ал аудандарда шағын футбол алаңдары пайда болады. Жеті ауыл жарықтандырылып, 24 балалар ойын алаңдары да бой көтереді, - дейді облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы Ержан Салханов.

Абаттындыру жұмыстарымен қатар көгалдандыру бағытына да басымдық берілмек. Осы жылы 62 мың ағаш отығызылады. Жасыл желектің 23 мыңы түбі Павлодар қаласында отырғызылады. 

Бұл шаралар Тазалық айлығы шеңберінде қолға алынады. Өңірде сәуір тазалық пен абаттындыру айы болып жарияланды. Бір ай бойы сенбіліктер мен ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы